СҚО-да креативті хабтардың өңірлік желісін дамыту қолға алынды

СҚО-да креативті хабтардың өңірлік желісін дамыту қолға алынды

Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязево ауылында «Creative IT Center» орталығы салтанатты түрде ашылды. Бұл – СҚО-дағы жетінші аудандық хаб, ол Qyzyljar Creative Center өңірлік хабы желісінің бөлігіне айналмақ.

Іс-шараға жергілікті атқарушы органдардың, білім беру мекемелерінің, бизнес құрылымдардың, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ мектеп оқушылары мен ауданның белсенді жастары қатысты.

Орталық ауылдық елді мекендер тұрғындары арасында креативті индустрияны, цифрлық сауаттылықты және IT-кәсіпкерлікті дамытуға арналған.

Тимирязев ауданында Creative IT Center-дің ашылуы Солтүстік Қазақстан облысының креативті және цифрлық инфрақұрылымын дамыту бойынша жасалған жүйелі жұмыстың нәтижесі. 2026 жылғы 1 наурызға дейін өңірдің барлық аудандарында осындай орталықтарды ашу жоспарланып отыр.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі