Алматыда «Көбелек» атты балет қойылымы өтті

Алматыда «Көбелек» атты балет қойылымы өтті

А. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің оқу театрында Жак Оффенбахтың музыкасына жазылған бір актілі «Көбелек» балет-ертегісінің премьерасы өтті. Қойылымның идея авторы, либреттосының авторы әрі хореограф-қоюшысы – училище оқытушысы Санжар Қасымбаев.

Спектакльге екінші сыныптан бастап бітіруші курс студенттеріне дейінгі тәрбиеленушілер қатысып, біртұтас көркем бейне қалыптастыруға және жас әртістер үшін құнды кәсіби әрі сахналық тәжірибе жинақтауға мүмкіндік берді.

«Көбелек» балет-ертегісі – махаббат пен сынақ, ішкі өзгеріс туралы романтикалық хикая. Премьера көрермен тарапынан жылы қабылданып, училище студенттерінің жоғары дайындық деңгейін, сондай-ақ кәсіби хореографиялық білім беру жүйесінде авторлық қойылымдардың маңызын тағы бір мәрте айқындай түсті.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі