
Астанада «Тұрақты дамуға бағытталған әлеуметтік жобалардың заманауи тәжірибелері» тақырыбында Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының есептік іс-шарасы өтті.
Жиынға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Сыртқы істер министрлігінің, Атырау және Маңғыстау облыстары әкімдіктерінің өкілдері, сондай-ақ 80-нен астам үкіметтік емес ұйым қатысты.
Іс-шара барысында азаматтық сектордың негізгі бағыттары бойынша іске асырылған жұмыстардың нәтижелері ұсынылды. Тақырыптық сессияларда қатысушылар гранттық бастамалардың орындалуы мен олардың қоғамға тигізген ықпалын талқылады.
Сонымен қатар құқық қорғау, волонтерлік және әлеуметтік қызмет, психологиялық көмек, экологиялық және жастар бастамалары бойынша жобалар қаралды.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар өңірлік бастамалардың ҮЕҰ әлеуетін арттыруға және азаматтардың әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешуге қатысу мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал ететінін атап өтті.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі