
Астанада Халықаралық волонтерлер жылы қарсаңында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері БҰҰ Волонтерлер бағдарламасы (UNV) делегациясымен кездесті.
Кездесуде волонтерлік саладағы ынтымақтастықты кеңейту, тәжірибе алмасу және Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған бастамаларды ілгерілету мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ толық қаржыландыру бағдарламасы аясында БҰҰ-ның халықаралық жобаларына қатысып жүрген қазақстандық еріктілерге арналған бағыттар және бірлескен бағдарламалардың жаңа форматтары, соның ішінде білім беру бастамалары қарастырылды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бірлескен жұмысты жалғастыруға дайын екендерін білдірді.
Айта кетейік, Халықаралық волонтерлер жылының ресми ашылуы 5 желтоқсанда Нью-Йорктегі БҰҰ Бас штаб-пәтерінде өтеді.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі