Ақпараттық хабарлама

Ақпараттық хабарлама

2025 жылғы 4 желтоқсанда «Ашық НҚА» интернет-порталында «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне онлайн-платформалар және масс-медиа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне онлайн-платформалар және масс-медиа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдарының жобалары орналастырылды.

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15715644

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15715624

Заң жобалары онлайн-платформалардағы құқыққа қайшы контент көлемін төмендету, онлайн-платформалар мен масс-медианың дамуына байланысты заңнаманы өзектендіру, сондай-ақ аудиовизуалды платформалардың қызметін заңнамалық реттеу және қауіпсіз ақпараттық орта қалыптастыруға бағытталған өзге де шараларды қамтамасыз ету мақсатында қажетті құқықтық негіздерді қалыптастыруға бағытталған.

Заң жобаларын қабылдау кешенді оң әлеуметтік-экономикалық және құқықтық әсерді қамтамасыз етеді.

Министрлік барлық мүдделі тұлғаларды заң жобаларын талқылауға қатысуға шақырады.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі