
Елордада «Sarap» эксперттік клубының «Sarap Reflection: жыл қорытындысы» тақырыбындағы отырысы өтіп, онда 2025 жылғы жұмыс нәтижесі таныстырылды. Сонымен қатар қайырымдылық пен отбасының жаңа моделіне арналған сараптамалық баяндамалар мен әлеуметтік зерттеулердің қорытындысы ұсынылды.
Отырыста қатысушылар жауапты ата-ана идеясын насихаттау Қазақстанның ішкі саясатындағы басым бағыттардың бірі екенін атап өтті. Сауалнама нәтижелеріне сәйкес, азаматтардың басым бөлігі ата-ана атануды өміріндегі маңызды құндылықтардың бірі ретінде бағалайды, ал отбасы институты қоғамда тұрақты және маңызды орын алады. Сарапшылар сондай-ақ адам құқықтарын қорғау және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелеріне назар аударды.
Жиын қорытындысы бойынша сараптамалық талқылаулар мен ғылыми зерттеулер мемлекеттік саясатты жетілдіруге және қоғамдағы конструктивті күн тәртібін қалыптастыруға зор үлес қосып, елдің әлеуметтік дамуына серпін беретіні атап өтілді.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі