
Ресейдің Санкт-Петербург қаласында Жеңістің 80 жылдығына орай кітапхана, архив пен музейлердің тарихи және мәдени мұрасын сақтау мәселелері бойынша интеграциялық форум ұйымдастырылды.
ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының директоры Күміс Сейітова еліміздегі тарихи-мәдени мұраны сақтау, цифрландыру және оны халыққа қолжетімді ету бағытында жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы баяндама жасады.
Форум аясында «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы кітапханалар, архивтер мен музейлерді эвакуациялау» тақырыбында сараптамалық сессия, «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы кітапханалар мен кітапханашылар» атты дөңгелек үстел, сондай-ақ түрлі форматтағы пленарлық отырыстар мен көрмелер өтті.
Іс-шараға Ресей Федерациясы, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Қазақстанның кітапхана, архив, музей, білім беру және ғылыми ұйымдары мен қоғамдық бірлестік өкілдері қатысты.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі