Алматыда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өңірлік конференция өтті

Алматыда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өңірлік конференция өтті

Алматыда «Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл жүйесі: агрессорларға арналған түзету бағдарламалары» тақырыбында өңірлік конференция ұйымдастырылды.

Іс-шара жыл сайын 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында өтетін «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» халықаралық науқаны аясында ұйымдастырылды. Аталмыш науқан – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен ҚР Президенті жанындағы Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның бірлескен бастамасы.

Жиынға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан өкілдері, сонымен қатар халықаралық ұйымдар, ҮЕҰ, сарапшылар, зерттеушілер және бұқаралық ақпарат құралдары қатысты. Олар іс-шара барысында аймақтардағы сын-қатерлерді атап, шешу жолдарын талқылады.

Екі күн бойы қатысушылар гендерлік зорлық-зомбылықтың себептері мен салдарын, агрессорлармен жұмыс істеу тәсілдерін, балаларды қорғау мәселелерін, қоғамдық диалогтағы өнердің рөлін, саясаттағы зерттеулердің маңызын, сондай-ақ мәселеге медиа мен әлеуметтік желілердің ықпалы туралы ойын ортаға салды.

Конференция Қазақстандағы Фридрих Эберт Қоры өкілдігі, Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар кеңсесі, Бішкектегі ЕҚЫҰ бағдарламалық кеңсесі және «Қазақстандағы дағдарыс орталықтары одағының» қолдауымен ұйымдасырылды.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі