Алматыда жасанды интеллект және әдебиет тақырыбы талқыланды

Алматыда жасанды интеллект және әдебиет тақырыбы талқыланды

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында әдебиет саласындағы жасанды интеллект тақырыбында ғылыми конференция өтті.

Іс-шара қазіргі кезеңнің өзекті мәселелерінің бірі – жасанды интеллектің әдебиет пен мәдениет салаларына ықпалын ғылыми тұрғыдан талдауға бағытталды.

Іс-шара барысында әдебиеттанушылар, қаламгерлер, зерттеушілер мен сала мамандары баяндама жасап, ашық пікір алаңы ұйымдастырылды. Олар жасанды интеллектің мүмкіндіктері мен сын-қатерлерін, сондай-ақ шығармашылық еркіндік пен этикалық жауапкершілік мәселелерін сөз етті.

Конференцияға Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері, М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғалымдары, Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетінің оқытушылары және жас зерттеушілері қатысты.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі