Қосшы қаласында «Ұлы дала тарихының жазба мұралары» атты жылжымалы көрме өтті

Қосшы қаласында «Ұлы дала тарихының жазба мұралары» атты жылжымалы көрме өтті

Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы Қосшы қаласындағы Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде «Ұлы дала тарихының жазба мұралары» атты жылжымалы көрме ұйымдастырды.

Көрмеге Ұлттық орталықтың қорында сақталған VIII–IX ғасырларға жататын руникалық графикамен жазылған көне түркі тіліндегі, X–XIII ғасырлардағы Қарахан, XIII–XV ғасырлардағы Алтын Орда, XV–XIX ғасырлардағы Қазақ хандығы дәуірлеріндегі тарихи деректерді қамтитын араб, парсы, шағатай тіліндегі сирек қолжазбалар қойылды. Сонымен қатар төте жазу, латын қарпіндегі әдебиеттер мен шағын форматтағы кітаптар оқырмандар мен кітапхана қызметкерлеріне таныстырылды.

Іс-шара барысында көне жәдігерлердің тарихи маңызы, олардың зерттелуі және сақталу ерекшеліктері туралы ақпарат берілді.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі