Лого
Меню
Страницы
Байланыс ақпарат
Қызметі
Әкім аппараты
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Үкіметтік емес ұйымдарға арналған әлеуметтік жобалар
Все материалы
29 апреля 2025
Құрылыстың сапасы мен мерзімі басты назарда болуы керек

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте аудандарда пайдалануға берілген құрылыс нысандарының, жүзеге асырылу сатысындағы жобалардың жай-күйі талқыланды.

Аймақ басшысы жауапты сала басшылары мен аудан әкімдеріне бірқатар тапсырма берді. Атап айтқанда, әлеуметтік маңызы бар нысандарды сапалы әрі кестеге сай мерзімінде аяқтауды, тазалыққа және абаттандыруға қатысты жұмыстардың қарқынын күшейтуді жүктеді.

«Құрылысқа жауапты мердігер мекемелермен ұдайы байланыста болуды тағы да ескертемін. Бірінші әрі басты талап – сапа, сосын жұмысты мерзімінде аяқтау керек. Осыған дейін берілген тапсырмалар бақылаудан, күн тәртібінен түспейді», – деді Н.Нәлібаев.

Сонымен қатар, мәжілісте барлық елді мекенде санитарлық тазалық жұмыстарын үздіксіз жүргізу, абаттандыру және көркейту-көгалдандыруды белсенді қолға алу тапсырылды.

 

18 апреля 2025
Мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылтудың талдау бағыты бойынша жұмыстары жалғасуда

2025 жылдың 17 сәуірінде Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі саласында мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылтудың талдау бағытында құрылған жұмыс тобының жетекшісі, Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Е.Мендалиевтің төрағалығымен жұмыс тобының отырысы өтті. 

Отырыс барысында Департамент басшысы талдау аясында атқарылатын жұмыс бағыттарын түсіндіріп, өткен кезеңде жүргізілген талдау қорытындысымен енгізілген бірқатар ұсыныстарды таныстырды.

Жұмыс тобының мүшелеріне сәуір-мамыр айларында талдаудың екінші кезеңін жүргізу үшін өңірімізге Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі саласының «Телекоммуникация, пошта байланысы және жасанды интеллект, инновация, электронды өнеркәсіп және сандық активтер» бағыттары бекітілгендігін атап, талдау жүргізудің алгоритмі түсіндірілді.

Сонымен қатар, бюрократиялық проблемаларды (жоғарыда аталған салалардың министрліктерінде және үйлестіруші жергілікті атқарушы органдарда артық немесе реттелмеген функциялар, шешім қабылдау процестерінің күрделілігі, басқару құрылымының теңгерімсіздігі, жекеленген әкімшілік процедуралардың шамадан тыс рәсімделуі, ақпараттық жүйелер интеграциясының жеткіліксіздігі және басқалар) анықтау, оларды шешу жөнінде ұсыныстарды сапалы әзірлеу туралы толық ақпарат берілді.

Департамент басшысы атқарылатын жұмыс бағыттарының маңыздылығын айтып, мекеме басшыларын талдау жұмыстарына белсенді қатысуға шақырды.

Отырыс барысында қатысушылардың пікірлері тыңдалып, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді.

Алдағы уақытта талдау жұмыстарының нәтижесінде қалыптастырылған сапалы кейстер Агенттікке белгіленген мерзімде жолданатын болады.

Сондай-ақ, егер жоғарыда аталған бағыттарда немесе қызмет барысында бюрократиялық кедергілерге тап болсаңыз, не Қазақстан Республикасының азаматы ретінде аталған салалар бойынша ұсыныс, пікірлеріңіз болса Департаментке ауызша немесе жазбаша түрде хабарлай аласыздар. Біздің мекен-жайымыз: Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі, 1.

Байланыс нөмірлері: 8 (7242) 70 56 36; 8 (7242) 70 00 40.

Электрондық пошта: n.suleimenov@kyzmet.gov.kz

 

Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Қызылорда облысы бойынша департаменті

17 апреля 2025
Конго-қырым геморрагиялық қызбасының эпидемиологиялық ахуалы

Қызылорда қаласы Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының табиғи ошағында орналасқан. Сондықтан жыл сайын эпидемиологиялық маусымда аурудың алдын алу, залалсыздандыру жұмыстары күшейтіледі.

Бүгінгі ақпарат алаңында жауапты сала мамандары Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына қарсы жүргізіліп жатқан негізгі шаралар туралы баяндады.

- Өткен жылы алғашқы диагнозбен КҚГҚ-ның 6 жағдайы тіркелді. Оның 3 жағдайы клиникалық және зертханалық тұрғыда расталды. Биыл эпидемиялық мерзім басталғалы кенеден зардап шегіп, медициналық көмекке 45 адам жүгінді. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 40 пайызға жоғары, - деді Қызылорда қалалық санитариялық - эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бейбіт Бидаш.

Қолайсыз аймақтардың санитариялық-қорғаныш белдеулерінде, буферлік аймақтарды құру және ауылшаруашылығы мал бастары мен олардың қора-жайларында көктемгі кенеге қарсы дезинсекция жұмыстарының 1-ші кезеңі 9-21 сәуір аралығында, 2-ші кезеңі 18-30 сәуір аралығында бір мезетте жүргізіледі.

- Жалпы, қала бойынша Конго-Қырым геморрагиялық қызбасынан 8 елдімекен қолайсыз деп танылды. Дегенмен, ол өткен жылмен салыстырған 4 елдімекенге азайған. Сәйкесінше көктемгі эпидмаусымда кенелерге қарсы залалсыздандыру жұмыстары 407 гектар аумаққа жүргізіледі, - деді ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Фарида Ыдырысқызы.

Айта кету керек, инфекцияны жұқтыру көп жағдайда кене шағумен, мал күтімімен, ауыл шаруашылық жануарларын союмен, науқасқа күтім жасаумен байланысты болады. Сондықтан далалық аймақтарда жүргенде барынша сақтанған абзал. Кене малдың үстінде болатындығын ескере отырып, малды алдын ала кенеге қарсы егіп, қораларда кенеге қарсы улау жұмыстарын жүргізу керек және мал күтімімен айналысуда бөлек арнайы киім кию қажет.

- Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына күдікті немесе науқас анықталысымен инфекциялық төсекке оқшауландырылып, шұғыл індетке қарсы іс-шаралар жүргізіледі. Қазіргі таңда аурухана бойынша 40 инфекциялық станционар дайын, 32 төсектік провизор орындар жабдықталған, - деді облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Шарипа Жақсылыққызы.

 

17 апреля 2025
Мамыр айында әлеуметтік нысандардың бірқатары пайдалануға беріледі

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қала аумағындағы құрылыс нысандарын аралап, алдымен «Көрме залы» орталығының құрылыс алаңына барды. Одан кейін нан, кондитерлік және макарон өнімдерін өндіретін кешендегі жұмыспен танысты. Бұл жобаға мемлекеттік қолдау ретінде 5 гектар жер беріліп, су және кәріз жүйелерін жеткізуге қаржы қарастырылған. Жобаның І кезеңі биыл іске қосылады. Қазіргі таңда жұмыстың 80 пайызы орындалған. Нысанда 30-дан астам жұмысшы еңбек етуде, 10-нан астам техника бар.

Сол жағалаудағы жаңа стадионның шығыс және батыс трибуналарының металл конструкциялары орнатылып, қабырғалары мен ішкі бөліктері, сыртқы витраждары қалануда. Жылу, су, электр, желдету желілері тартылуда. Қазіргі кезде футбол алаңын жабдықтау және аумақты абаттандыру жұмыстары қолға алынған.

Физика-математика мектеп-интернатында ішкі әрлеу жұмыстары аяқталуға жақын. Нысанда техникалық жабдықтау мен аумақты абаттандыру қатар жүргізілуде. Құрылыс басында 150 жұмысшы мен 20 техника бар.

 

16 апреля 2025
Қала әкімінің орынбасары тағайындалды

Қала әкімі Нұржан Ахатовтың өкімімен қала әкімінің орынбасары лауазымына Омаров Бақытжан Бауыржанұлы тағайындалды.

Шаһар басшысы жаңа орынбасарын кадрлық өзгерістерге байланысты өткен актив отырысында таныстырды.

«Бақытжан Бауыржанұлы – журналистика, қоғаммен байланыс салаларында және мемлекеттік қызметте жемісті еңбек еткен тәжірибелі маман. Сондықтан әлеуеті жоғары кадр ретінде өз жұмысын кәсіби деңгейде атқарады деп сенемін», – деді қала әкімі.

Бақытжан Бауыржанұлы 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімді.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Халықаралық қатынастар» (2008 жыл), «Журналистика» (2010 жыл) мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2008 жылы республикалық «Қазақстан» телерадиокорпорациясында редакторлықтан бастап, 2009-2012 жылдары аралығында осы корпорацияда түрлі қызметтерді атқарған.

2012-2025 жылдары Түркия мемлекетінің Анкара қаласындағы телерадиокорпорациясында жаңалықтар жүргізушісі, «Хабар-24» телеарнасының бас редакторы, Қызылорда облысы әкімінің баспасөз хатшысы, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Түрксой ұйымындағы өкілі болып еңбек еткен.

2025 жылдың ақпан айынан бастап бүгінгі күнге дейін Қызылорда облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымын атқарып келді.

Бақытжан Бауыржанұлы қоғамдық даму, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, дене тәрбиесі, спорт және туризм, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдеріне жетекшілік жасайтын болады.

Осы кезге дейін қала әкімінің орынбасары болған Еркебай Ғалымжан Бақтығалиұлы облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы лауазымына ауысуына байланысты атқарып отырған қызметінен босатылған болатын. Шаһар басшысы актив отырысында Ғалымжан Бақтығалиұлының өзіне жүктелген міндеттерді жоғары деңгейде атқарып, қаланың құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларының дамуына қосқан зор үлесі үшін алғысын білдіріп, Қызылорда қаласының ең жоғары марапаты «Құрмет грамотасын» табыстады.

Актив отырысына қатысқан облыстық ардагерлер кеңесінің және қалалық қоғамдық кеңестің төрағасы Серік Дүйсенбаев, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шәкизат Төребаев, «Қызылорда қоғамдық телерадиокомпаниясының» құрылтайшысы Шаһизада Әбдікәрімов тағайындалған азаматтардың жаңа қызметтеріне сәттілік тіледі.

 

15 апреля 2025
Құрылыс нысандарындағы жұмыс бақылауда

Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасына сәйкес облыстық мәслихат төрағасы мен облыс әкімінің орынбасарлары, облыс әкімі аппаратының басшысы Қызылорда қаласындағы нысандарды аралап, құрылыс жұмыстарының барысын тексерді.
Алдымен «Қорқыт Ата әуежайының» жаңа терминалы мен "Өнер орталығына" барды. Жаңа терминалға «Болат Өтемұратов қоры» 16,6 млрд теңге инвестиция салды, жергілікті бюджеттен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымға 4,3 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Ал, 1000 келушіге арналған "Өнер орталығы" былтыр пайдалануға берілді. Зәулім ғимаратта симфониялық, эстрадалық және ұлттық өнер бағытындағы концерттік бағдарламалар, түрлі форматтағы қоғамдық іс-шаралар өткізілуде.
«Жаңадария», «Сыздық», «Шіркейлі» каналдарындағы көпірлерді қайта жаңғырту қарқын алған. «BSJ инжиниринг» ЖШС «Жаңадария» каналындағы көпірді жаңғыртуда. Осы көпірмен тұрғындар «АвтоЦонға», «Қорқыт ата әуежайына» Амангелді, «Бесарық», «Иіркөл», «Қоғалыкөл», «Жетікөл», «Айдарлы» елді мекендеріне, қала маңындағы саяжайларға қатынайды. «Сыздық», «Шіркейлі» каналдарындағы жұмысты «Жылу 21» ЖШС қолға алған.
Сонымен қатар, 13,5 шақырым автокөлік жолын төрт жолақты етіп қайта жаңғыртуға бюджеттен қаржы қаралған. Қазіргі таңда құрылыс аймағы қоршалып, каналдың арнасына су өткізу құбырлары салынды.
Одан кейін жұмысшы топ нан, кондитерлік және макарон өндіру кешенінің, 11 мың орындық жаңа стадионның, физика-математика мектеп-интернатының, музыкалық колледждің құрылысына барды.
Нан, кондитерлік және макарон өндіру кешенінің жоба бастамашысы «Қызылорда Нан» серіктестігі 3,8 млрд теңгеге аумағы 6166 шаршы метр нысан салуда. Кондитерлік цехта жылына 2520 тонна өнім дайындалады. Ал, макаронның 15-тен астам түрін шығару жоспарланған.
Сол жағалаудағы жаңа стадионның шығыс және батыс трибуналарының металл конструкцияларын монтаждау аяқталып, қабырғасы мен ішкі бөлімдері, сыртқы витраждары қалануда. Сыртқы инженерлік желілер жеткізілген. Жылу, су құбырлары, электр, желдеткіштің ішкі желілері орнатылуда. Ғимараттың сыртқы қабырғасы, ішкі инженерлік желілерін жүргізу аяқталып, футбол алаңын монтаждау және абаттандыру басталады.
Физика-математика мектеп-интернаты құрылысы өткен жылы басталған, биыл аяқталады деп жоспарлануда. Ал, музыкалық колледждің құрылысы былтыр басталды. «Саутс Ойл» компаниясының демеушілігімен қолға алынған оқу орнының жаңа ғимаратын бас мердігер «Алтын констркшн» ЖШС жуырда пайдалануға береді.

14 апреля 2025
Сыр өңірінде тазалық және абаттандыру шаралары жалғасуда

Аймақта "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық бағдарламасы аясындағы жаппай сенбілік одан әрі жалғасуда. Тазалық шараларына біркісідей қатысқан 110 мыңнан астам еріктілер, бюджет саласы мен кәсіпорын қызметкерлері, қала, аудан және ауыл тұрғындары 3 800 тоннадан астам қоқыс қалдықтарын жинады. Елді мекендердегі 373 сквер мен парк, 152 тарихи-мәдени ескерткіш, 1 520 әлеуметтік, 732 өнеркәсіп және бизнес,19 су нысанының маңайы мен 3 467 көше бойы тазартылды. Оған 900-ден астам техника жұмылдырылды.
Жыл басынан бері облыс аумағына 49 765 түп өңірдің климатына сәйкес келетін, жерсінетін қарағаш, терек және Сыр талының көшеттері егілді.
Өңірдің барлық елді мекеніндегі санитарлық тазарту, абаттандыру және көркейту-көгалдандыру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады.

14 апреля 2025
Агроөнеркәсіп кешеніндегі инвестициялық жобалар сараланды

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен агроөнеркәсіп кешеніндегі инвестициялық жобалар талқыланған мәжіліс өтті. Оған жауапты сала басшылары, жоба бастамашылары қатысты.
Мемлекет басшысының Жолдауында берілген тапсырмаларды орындау жөніндегі жалпыұлттық іс-шараларда ірі инвестициялық жобаларды Солтүстік Қазақстан облысы тәжірибесімен қаржыландыру көзделген.
Бағдарламаның мақсаты – АӨК-де жаңа жобалар құру немесе қолданыстағыларды кеңейту. Негізгі бағыты – тауарлы сүт фермалары, ет бағытындағы құс фабрикалары, мал шаруашылығы кәсіпорындары, көкөніс, жеміс сақтау қоймалары, өнеркәсіптік жылыжай шаруашылығы. Жүн мен теріні терең өңдейтін, буып-түю материалдарын өндіретін кәсіпорындарды, тауарлы балық, басқа да су жануарларын өсіретін шаруашылықтарды, қой фермаларын өркендетуге басымдық берілген.
Өткен жылы Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесі негізінде 5 жобаға, атап айтқанда, Қызылорда қаласында 2, Арал ауданында 3 жобаға республикалық бюджеттен қаражат бөлінді. Биыл тағы 6 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Аудандардағы әлеуетті жобалардың, яғни 11 жобаның пулы қалыптастырылды.
Аймақ басшысы биылға қарастырылған инвестициялық жобаларды 1 мамырға дейін ұсынуды тапсырды. Одан бөлек, 1 шілдеге дейін 2026, 2027, 2028 жылдарға ұсынылатын жобалар тізімін облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасына жолдау, республикадан бөлінген қаражатты мерзімінде әрі толық игерілу міндеттелді.
«Инвестиция тарту Қызылорда қаласы, аудан әкімдерінің әрқайсының жеке жауапкершілігінде», – деді Н. Нәлібаев.

11 апреля 2025
Қызылорда қаласында ыстық сумен жабдықтау жұмыстарын жүргізу үшін Үкімет резервінен 5 млрд теңге бөлінді

Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Қызылорда облысының бюджетіне ыстық сумен жабдықтау желілерін салу үшін Үкімет резервінен нысаналы трансферттер түрінде шамамен 5 млрд теңге бөлінді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.
Бүгінде Қызылорда қаласы – орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау жүйесі жоқ республикадағы жалғыз облыс орталығы.
Қаладағы көп қабатты үйлер электр жылыту немесе газ жылыту құрылғылары арқылы ыстық сумен қамтамасыз етіледі. Бұл өз кезегінде төтенше жағдайларға әкелуі мүмкін.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы 10 қазанда өңірге жұмыс сапары барысында қаланы 2025 жылдың соңына дейін орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау жүйесімен қамтамасыз ету мәселесін шешуді тапсырған болатын.
Жалпы құны 26,2 млрд теңгені құрайтын тиісті жобаны жүзеге асыру екі кезең бойынша жоспарланған. Бірінші кезең – 2024 жылы 187 тұрғын үйді су жүйесімен қамту жұмыстары басталды. Екінші кезеңде биыл 236 тұрғын үй су жүйесіне қосылады.
2024 жылы бірінші кезеңге Үкімет резервінен 11 млрд теңгеден астам қаражат бағытталды.
Аталған қаулы негізінде Үкімет резервінен бөлінген 5 млрд теңге биыл екінші кезеңнің бірінші кезектегі жұмыстары үшін пайдаланылады.
Осылайша, жобаны жүзеге асыру нәтижесінде Қызылорда қаласының 423 көп қабатты тұрғын үйі орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау жүйесіне қосылады.

@KZgovernment https://t.me/KZgovernment/16244 

11 апреля 2025
Аймақ басшысы құрылыс нысандарындағы жұмыс қарқынын бағамдады

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда қаласындағы құрылыс нысандарын аралап шықты.
Алдымен «Bi Global» серіктестігі қолға алған шығармашылық-инновациялық орталыққа барды. Бүгінде нысанның қасбеті әрленіп, абаттандыру, ішкі әрлеу және витраж орнату жұмыстары жүргізілуде. Құрылысқа 260 адам, 10 техника жұмылдырылған. Орталық қолданысқа берілгеннен кейін балаларға спорттық-сауықтыру, көркем-эстетикалық, ғылыми-техникалық, тарихи-өлкетану бағытта қызмет көрсетеді. Волейбол, баскетбол, футбол, воркаут алаңдарында, соңғы үлгідегі бассейнде жаттығу мүмкіндігі жасалады.
Аймақ басшысы заманауи кірпіш зауытының құрылыс барысымен де танысты. Өңірлік үйлестіру кеңесінің шешімімен зауыт салу үшін Қызылорда қаласындағы «Өндіріс» индустриялық аймағынан 7 гектар жер телімі табысталған. Құны 2,5 млрд теңге болатын зауытта жылына 90 млн дана кірпіш шығарылады деген жоспар бар. Бүгінде іргетасы құйылып бітті, металл конструкциялар орнатылуда.
Одан кейін облыс әкімі Тәуелсіздікке 25 жыл даңғылын қайта жаңғырту барысын көріп шықты. Өткен жылдан бері Бейбарыс сұлтан көшесінен Әбілқайыр хан көшесіне дейінгі Сырдария өзенінің қорғаныс бөгеті нығайтылып, даңғылдың 6,7 шақырымы қайта жаңғыртылуда. «УАД» ЖШС қолға алған жоба құны 6 млрд 656 млн.теңге. Қазір 1,2 шақырым кеңейтілетін аумақта жол негізінің құрылысы жүргізіліп, асфальт төселді. Сонымен қатар, Сырдария өзенінің жиегіндегі қорғаныс бөгеті тазаланып, 2,6 шақырымға жуық дамба нығайтылды, 1,4 шақырым тіреу қабырғасы, 820 метр жиек тұрғызылды.
Сол жағалаудағы жаңа стадионның шығыс және батыс трибуналарының металл конструкцияларын монтаждау аяқталып, қабырғасы мен ішкі бөлімдері, сыртқы витраждары қалануда. Сыртқы инженерлік желілер жеткізілген. Жылу, су құбырлары, электр, желдеткіштің ішкі желілері орнатылуда. Ғимараттың сыртқы қабырғасы, ішкі инженерлік желілерін жүргізу аяқталып, футбол алаңын монтаждау және абаттандыру басталады.

Социальные сети
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Меню подвал
Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы