
2026 жылғы 4 мая сағат 11:00-де «БЭСК» АҚ-ның электр энергиясын бөлшек саудада өткізудің бағасының алдағы уақытта көтеру туралы ұсынысын қарау бойынша жария тыңдау өткізілді.
Жария тыңдау Қазақстан Республикасының заңнамасына көзделген, бағаларды келісу жөніндегі өтінімдерді қарау кезінде міндетті рәсім болып табылады.
Оларды өткізу ашықтықты қамтамасыз етуге, тұтынушылардың пікірін ескеруге және әділдік қағидаттарын сақтауға бағытталған.
Жария тыңдауға табиғи монополия субъектінің өкілдері, қызмет тұтынушылары қатысты. Барлығы 18 адам қатысты.
Жария тыңдау тікелей эфирде Департаменттің Facebook-тегі ресми парақшасында көрсетілді, сондай-ақ тұтынушылар мен басқа да қызығушылық танытқан тұлғалар «ZOOM» қосымшасы арқылы онлайн режимде қатысты.