«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ өз өтінімін қоғамдық талқылауға шығарды

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ өз өтінімін қоғамдық талқылауға шығарды

Бүгін, 2024 жылғы 11 сәуірде ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті жария тыңдауларда «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның магистральдық теміржол желілері қызметіне 2024-2025 жылдарға тарифтердің мерзімі өткенге дейін өзгерту туралы өтінімін талқылады.

Өтінім табиғи монополиялар туралы заңнамасына және ҚР Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығымен бекітілген Тарифтерді қалыптастыру қағидаларына (Қағидалар) сәйкес ұсынылды.

Заңмен және Қағидалармен талап етілгендей, жария тыңдауларды өткізудің мақсаты жариялылықты, ақпараттандыруды, тұтынушылар мен субъектілер мүдделерінің теңгерімін сақтауды, тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) тарифтерді қалыптастырудың ашықтығын және шынайылықты қамтамасыз ету болып табылады.

Жария тыңдауда ТМРК-ның Теміржол көлігі және порттар саласындағы реттеу басқармасының басшысы Азамат Саматулы Абиев төрағалық етті.

МТЖ қызметіне тарифтерінің жобасы бойынша баяндамамен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның магистральдық желілер дирекциясы директорының орынбасары Александр Сергеевич Кирович сөз сөйледі.

Жария тыңдауларда мүдделі мемлекеттік органдардың, «Атамекен» ҚР ҰКП-ның, бұқаралық ақпарат құралдарының, тұтынушылар, сондай-ақ қауымдастықтар мен басқа да ұйымдардың өкілдері қатысты.

Тыңдаулар барысында тарифтер жобасына қатысты көптеген пікірлер мен ұсыныстар айтылып тыңдалды, олар міндетті түрде өтінімді қарау және түпкілікті шешім қабылдау кезінде ескерілетін болады.

ТМРК субъект пен қызметті тұтынушылар арасындағы теңгерімді сақтай отырып, тарифтерді бекіту бойынша негізделген шешім қабылдайтынын атап өткен жөн.