ТМРК тұтынушылардың сұрақтарына жауап берді

ТМРК тұтынушылардың сұрақтарына жауап берді

Бүгін, 2024 жылғы 2 сәуірде ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті коммуналдық қызметтер бойынша өзекті сұрақтарға жауап беру үшін тұтынушыларды қоғамдық қабылдауға шақырды.

Осындай қабылдауларды ведомствоның аумақтық департаменттері өткізді.

Қоғамдық қабылдаулар дәстүрлі түрде Facebook арқылы онлайн режимінде трансляцияланды, онда әрқайсысы қосылып, қойылған сұраққа жедел жауап ала алды.

Қоғамдық қабылдау ведомствоның төрағасының орынбасары Нұрлан Болатбаевтың төрағалығымен және салалық басқармалар өкілдерінің қатысуымен өтті.

Қоғамдық қабылдау барысында ТМРК мамандары тұтынушыларға келесі жылыту маусымында жеке есептеу аспаптары бойынша жылу энергиясы үшін ақы алудың жаңа ережелері қолданыста болатынын, сондай-ақ тариф белгілеудің ынталандырушы әдісіне көшу шеңберінде жүргізілетін жұмыс туралы еске салды.

Сондай-ақ, халыққа ағымдағы жылдың басынан бастап еліміздің бірқатар өңірлерінде (Ақтөбе, Жамбыл, БҚО, Ақмола облыстары және Астана қ.) газ бағасының төмендеу жағына қарай өзгергені хабарланды.

Қабылдау соңында табиғи монополияларды реттеу саласындағы бірқатар НҚА-ға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабарланды.

Қабылдау барысында суға сараланған тарифтерді енгізуге қатысты сұрақтар және басқа да сұрақтар келіп түсті, оларға жедел жауаптар берілді.