«Көліктік сервис орталағы» АҚ-ның өтінімі бойынша жария тыңдау өтті

«Көліктік сервис орталағы» АҚ-ның өтінімі бойынша  жария тыңдау өтті

Бүгін, 2021 жылғы 27 желтоқсанда, ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті жария тыңдауда «Көліктік сервис орталығы» АҚ-ның бәсекелес кірме жол болмаған кезде кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтеріне 2022-2026 жылдарға тарифтің және тарифтік сметаның жобаларын қарады.

Елдегі эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, барлық мүдделі тұлғалар онлайн режимінде жария тыңдауда қатысты.

Жария тыңдауда Тарифтік ведомство басшысының орынбасары Асхат Жапсарбай төрағалық етті.

Асхат Жапсарбай тыңдау қатысушыларын қарсы алып, барлығын жария тыңдауды өткізу тәртібімен таныстырды, сондай-ақ «Көліктік сервис орталығы» АҚ-ның тариф және тарифтік сметаның жобасына өз ұсыныстары мен ескертулерін белсенді түрде айту қажеттігін атап өтті.

«Ашықтықты, хабардарлықты қамтамасыз ету, тұтынушылар мен табиғи монополиялар субъектілерінің мүдделерінің теңгерімін сақтау, өтінімдерін қарау рәсімінің ашықтығын қамтамасыз ету – бұл жария тыңдауларды өткізудің мақсаты», - деп атап өтті Төрағаның орынбасары.

Бұдан әрі, «Көліктік сервис орталығы» АҚ-ның президенті Гайни Бекетов баяндама жасады.

«Көліктік сервис орталығы» АҚ-ның бәсекелес кірме жол болмаған кезде кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерге қолданыстағы тариф 2016-2020 жылдарға бекітілген. Қолданылу кезеңінің аяқталуына байланысты, «Көліктік сервис орталығы» АҚ-ы ТМРК-ға 2022-2026 жылдарға арналған жаңа тариф және тарифтік сметаны бекітуге өтінім берді», - деп атап өтті Гайни Бекетов өз сөзінде.

Содан кейін, жария тыңдаудағы қатысушылар субъектінің тариф және тарифтік сметаның жобаларына қатысты қызықтыратын сұрақтарды қойды.

Қорытындылай келе, Асхат Жапсарбай барлығына қатысқан және ұсыныстарды белсенді білдіргені үшін алғыс білдіре отырып, «Көліктік сервис орталығы» АҚ-ның өтінімін қарау қорытындылары бойынша түпкілікті шешім табиғи монополиялар туралы заңнамада белгіленген мерзімде және тәртіппен қабылданатынын атап өтті.

Айта кету керек, ТМРК әрдайым жария тыңдаудағы қатысушылардың пікірлерін ескереді және түпкілікті шешім қабылдаған кезде тұтынушылар мен субъект арасындағы мүдделер тепе-теңдігін сақтауға тырысады.