«Автокөлік әуесқойлары интернет-алаяқтардың нысанасына айналды

«Автокөлік әуесқойлары интернет-алаяқтардың нысанасына айналды

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Қылмыстық қауіп-қатердің және қоғамдық қауіпсіздіктің тәуекелдерін болжау орталығы азаматтарды әлемде қарқын алып жатқан жаңа киберқауіп туралы ескертеді.

Шетелдік дереккөздерге сәйкес («Department of Motor Vehicles» (АҚШ), «Комсомольская правда» (Ресей), «Аргументы и Факты» (Ресей)) зиянкестер Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны ү шін жалған қаулыларды жаппай жіберіп жатыр. Хаттар мен хабарламалар электрондық пошта мен мессенджерлерге жіберіледі және жүргізуші, көлік нөмір і туралы деректерді және «айыппұл төлеуге» сілтемені қамтиды.

 Шын мәнінде, бұл фишингтік шабуыл. Банк картасының деректерін енгізген кезде сіздің шотыңызға толық қол жеткіз іледі және барлық қаражатты ұрлау мүмкін. Жекелеген жағдайларда сілтемеде құрылғыдан жеке деректерді ұрлауға арналған вирусты қамтиды.

Бүгінгі күні, шабуылдар Ресей мен АҚШ-та тіркелген, сондықтан мұндай схеманың Қазақстанда таралу қаупі бар.

 Әкімшілік айыппұл салу туралы ресми хабарламалар тек 1414 қысқа нөмірінен келіп түседі және төлем сілтемелерін қамтымайды. Салынған айыппұлдар туралы ақпарат egov.kz арқылы банктердің мобильді қосымшаларына да берілетінін естеріңізге саламыз.

 Егер сіз 1414 нөмірінен айыппұл туралы хабарлама алсаңыз және онда төлем сілтемесі болса – ол бойынша өтпеңіз! Бұл алдау! Мұндай хабарламаларды алаяқтар жібереді!

Ұсынамыз:

- сілтемелер арқылы өтпеңіз және күмән тудыратын хаттардың тіркемелерін ашпаңыз;

 - айыппұлдар туралы ақпаратты тек egov.kz, qamqor.gov.kz ресми ресурстарында және банктердің мобильді қосымшаларында қайта тексеріңіз.

 Егер сіз сілтеме арқылы өтіп, деректерді енгізген болсаңыз:

 - банк картасын шұғыл бұғаттаңыз;

- ықтимал алаяқтық фактісі туралы банкке және полицияға 102 телефоны арқылы хабарлаңыз;

- құрылғыны вирустың бар-жоғына тексеріңіз.

Сақ болыңыз. Жақындарыңызды ескертіңіз. Алаяқтарға мүмкіндік бермеңіз!