Қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру мәселелері бойынша өзара іс-қимыл туралы

Қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру мәселелері бойынша өзара іс-қимыл туралы

2026 жылғы 16 сәуірде Астана қаласында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі А.М. Ертаевтың төрағалығымен Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің аумақтық департаменттері және «Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ филиалдарының қатысуымен кеңес өтті.

Кеңес барысында қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыруды (ЖОМС) ұйымдастыру кезіндегі өзара іс-қимылды арттыру мәселелері қаралды.

Кеңес қорытындысы бойынша өңірлік деңгейде аумақтық департаменттер мен компания филиалдарының өзара іс-қимылын күшейту тапсырылды.