«Кеден» АЖ-да алдын ала ақпаратты кедендік әкімшілендіру және тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыру шарттары

«Кеден» АЖ-да алдын ала ақпаратты кедендік әкімшілендіру және тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыру шарттары

      2025 жылғы 20 наурызда Оқу-әдістемелік орталығы ҚР ҚМ МКК Кедендік бақылау департаментінің Транзит басқармасымен бірлесіп «Кеден» АЖ-да алдын ала ақпаратты кедендік әкімшілендіру және тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыру шарттары»  тақырыбында қашықтықтан семинар өткізді.

      Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік органның қызметін дебюрократизациялау, экспресс – жүктер үшін кедендік декларацияны ұсыну процесін автоматтандыру, құжат айналымын жетілдіру және қысқарту, сондай-ақ бизнес – процестерді оңтайландыру.

      Семинарға тыңдаушылар ретінде мемлекеттік кірістер органдары аумақтық бөлімшелерінің  қызметкерлері қатысты.

      Семинар тыңдаушылары үшін Polycom  арқылы дәріс оқылды, дәріскер ретінде:

      Уатканов Нариман – ҚР ҚМ МКК Кедендік бақылау департаментінің Транзит басқармасы басшының орынбасары сөз сөйледі.

      Семинарға қатысушылардың тарапынан лекторға сұрақтар қойылып, оларға толық жауаптар берілді.

      Семинар қорытындысы бойынша 226 қатысушы біліктілігін сәтті арттырғандығы туралы электронды сертификат алды.