Қазақстан мен Қытай шекарада өткізу қабілетін арттыру жөніндегі шаралар туралы уағдаласты

Қазақстан мен Қытай шекарада өткізу қабілетін арттыру жөніндегі шаралар туралы уағдаласты

        Бейжің, 2025 жылғы 17 наурыз – «Қазақстан-Қытай» ынтымақтастық комитетінің 12-ші отырысы қарсаңында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Жандос Дүйсембиевтің Қытай Халық Республикасы Бас кеден басқармасының жаңа министрі Сунь Мэйцзюньмен екіжақты кездесуі өтті.

       Жандос Дүйсембиев министрді тағайындалуымен құттықтап, мемлекет басшыларының тапсырмаларын іске асыруға бағытталған одан әрі жемісті ынтымақтастыққа сенім білдірді. Бұл міндеттерге кедендік рәсімдерді жеңілдету, шекарадағы ашықтықты арттыру және екіжақты сауданы ынталандыру кіреді.

        Бұдан басқа, қазақстандық тарап бұрын жүргізілген келіссөздер мен уағдаластықтар шеңберінде: Нұр-жол – Қорғас өткізу пункттеріндегі тәулік бойы жұмыс істеу режимінің пилоттық жобасы, Қалжат – Дулаты өткізу пункттеріндегі 6 күндік 8 (қажет болған жағдайда 10) сағат жұмыс режимі және өткен жылмен салыстырғанда жүк ағынын арттыруға мүмкіндік берген шаралар бойынша 73 %.

      Анықтама: 2024 жылы мемлекеттік шекараның Қазақстан-Қытай учаскесінде автомобиль өткізу пункттері арқылы 734 179 автокөлік құралы өтті. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда (2023 жылы) 423 689 АТС өтті.

        Кездесу барысында тараптар өткізу пункттерінің өткізу қабілетін арттыру бойынша қабылданатын бірлескен шараларды; инфрақұрылымды жаңғыртуды және өткізу пункттерінің жұмыс режимін ұлғайтуды; үздіксіз қозғалыс үшін қабылданатын автокөлік құралдарының (АҚ) ең аз санын енгізуді; шекарадағы процестерді үйлестіру жөніндегі бірлескен жұмыс тобының жұмысын күшейтуді талқылады.

       Сонымен қатар, тараптар сәуір айының бірінші жартысында бизнес-процестерді зерделеу, АТС қозғалысына әсер ететін проблемалық мәселелерді анықтау және оларды жою үшін ұсынымдар әзірлеу үшін шекарада көшпелі кеңес өткізетін бірлескен жұмыс тобының жұмысын жандандыруға келісті.

      Кездесу Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту жолында тағы бір қадам болды, ал қол жеткізілген уағдаластықтар кедендік ресімдеудің тиімділігі мен жылдамдығын едәуір арттыруға мүмкіндік береді.