Мемлекеттік кірістер комитеті жаңа салықтық әкімшілендірудің интеграцияланған жүйесінде оңалту және банкроттық процестерін автоматтандырды

Мемлекеттік кірістер комитеті жаңа салықтық әкімшілендірудің интеграцияланған  жүйесінде оңалту және банкроттық процестерін автоматтандырды

        Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – Комитет) «Салықтық әкімшілендірудің интеграцияланған жүйесі» жаңа ақпараттық жүйесін (бұдан әрі – СӘИЖ) іске қосу шеңберінде «Оңалту және банкроттық» (бұдан әрі-ОжБ) оңалту және банкроттық рәсімдерінің бизнес-процестерін цифрландыруды көздейтін модулі енгізіліп, іске қосылғанын, сонымен қатар, сондай-ақ уәкілетті органмен және кредиторлармен электрондық түрде өзара іс-қимыл жасау мақсатында рәсімдер әкімшілері үшін жұмыс орны құрылған «Салық төлеуші кабинеті» (бұдан әрі – СТК) ішкі жүйесі іске асырылды және іске қосылғанын хабарлайды.

      Бұл ішкі жүйесінде ақпараттық хабарламалар қалыптастыру және МКО-на жіберу, кредиторлардан талаптарды электронды түрде қабылдау және оларды қарау, бақылау субъектісіне бармай-ақ профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша хабарламаларды, хабарламаны орындамау туралы шешімдерді, бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау (әкімші) нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабарламаларды электрондық түрде алу, банк шоттарының бар-жоғы және нөмірлері туралы, борышкерлерге қатысты осы шоттардағы ақша қалдықтары және қозғалысы туралы ақпарат алу,  кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастыру және МКО-на жіберу, электронды түрде ағымдағы есептерді алу және т.б. функционалдар іске асырылған.

      2024 жылдың 7 қазанынан бастап банкроттық және оңалту рәсімдерінің әкімшілеріне https://knp.kgd.gov.kz ішкі жүйесінде есептерді тіркеу және ұсыну мүмкіндігі берілген.

     Электрондық құжат айналымы әкімшілер мен уәкілетті орган арасындағы өзара іс-қимылды түбегейлі жақсартуға және жеделдетуге, есептерді тәуліктің кез келген уақытында, мемлекеттік кірістер органына келмей-ақ жіберуге, есептерді электронды түрде сақтауға мүмкіндік береді.

      Бұл ішкі жүйе жаңа бағдарламалық өнім екенін ескере отырып, Комитет салық төлеушілерге практикалық және әдістемелік қолдау көрсетудің келесі жолдарын ұсынады:

  1. +7(7172)73-55-11 және +7(705)956-53-71 телефондары бойынша тұтынушыларды қолдау;
  2. «Қолдау-кері байланыс» бөлімінде СТК СӘИЖ тікелей сұрау жіберу мүмкіндігі. Жауап профиліңізде көрсетілген электрондық пошта мекенжайыңызға жіберіледі. Сондай-ақ, сұрауыңызды СТК СӘИЖ қолдау қызметінің knpsd@ecc.kz электрондық поштасына жіберуге болады;
  3. СТК СӘИЖ жұмыс істеу нұсқаулары тікелей СТК СӘИЖ Қолдау – Анықтама – Анықтамалық ақпарат бөлімінде орналасқан. 1. +7(7172)73-55-11 және +7(705)956-53-71 телефондары бойынша тұтынушыларды қолдау.