2025 жылғы 13 – 14 ақпан аралығында Оқу-әдістемелік орталығы (бұдан әрі - ОӘО) ҚР ҚМ МКК Кедендік әкімшілендіру департаментінің Тарифтік реттеу және құн басқармасымен бірлесіп Polycom БКБ арқылы «Кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары» тақырыбында қашықтықтан семинар өткізді.
Іс-шараның мақсаты – кедендік төлемдер мен салықтар алымы шеңберінде мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлеріне жұмыстың принциптері, негіздері, тәртібі мен ерекшеліктерін түсіндіру.
Семинарға тыңдаушылар ретінде аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері қатысты.
Іс-шарада ОӘО Біліктілікті арттыру және кәсіби даярлау бөлімінің бас маманы Бауржан Акимов модератор жұмысын атқарды.
Дәріскер ретінде:
ҚР ҚМ МКК Кедендік әкімшілендіру департаменті Тарифтік реттеу және құн басқармасының бас сарапшысы – Ельдар Калиев қатысты.
Қатысушылар кедендік төлемдер мен салықтар алымының тәртібі және принциптерімен танысты.
Семинардың қорытындысы бойынша 153 қатысушы біліктілігін сәтті арттырғандығы туралы электронды сертификат алды.