Кедендік тасымалдаушылар мен кеден өкілдерінің міндеттерін орындауды қамтамасыз етуді «Кеден» АЖ-де тіркеу туралы

Кедендік тасымалдаушылар мен кеден өкілдерінің міндеттерін орындауды қамтамасыз етуді «Кеден» АЖ-де тіркеу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті 2025 жылғы 10 ақпаннан бастап «Кеден» АЖ-да «Кеден тізілімдері» модулінің іске қосылғаны туралы хабарлайды. Осыған байланысты, «Кеден» АЖ-да «ТПиН қамтамасыз ету» модулі арқылы кеден тасымалдаушылары мен кеден өкілдерінің міндеттерін орындауды қамтамасыз етуді тіркеу және өтініш беру мүмкіндігі іске асырылды.

Бұл модуль өтініш беруден бастап қамтамасыз етуді тіркеуге дейін орталықтандырылған мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз ете отырып, «бір терезе» қағидатын іске асырады.

СЭҚ қатысушыларына ыңғайлы болу үшін кепіл шартының түпнұсқаларын және «E-Otinish» АЖ арқылы беру қажет мүлікті бағалау туралы есепті (қосымша жолдау) ұсыну туралы өтініштерді қоспағанда, «Кеден» АЖ арқылы өтініштерді қабылдауды жүзеге асыру ұсынылады.

Сондай-ақ, «Астана-1» АЖ арқылы Кеден тасымалдаушылары мен кеден өкілдерінің міндеттерін орындауды қамтамасыз етуді тіркеу жаңа функционалдың іске қосылуына байланысты тоқтатылатынын хабарлаймыз.