2025 жылдың 6 ақпанында қазақстан-ресей шекарасы «Жайсан» автомобиль өткізу пунктінде Ақтөбе облысы бойынша МКД мен ҚР ҰҚК Шекара қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп 2 жүк автокөлік құралдары ұсталынды.
Аталған көліктер Ресей Федерациясы – Өзбекстан Республикасы бағыты бойынша транзитпен жүруі тиіс еді.
Тауарға ілеспе құжаттарды зерделеу кезінде «құбыр арматурасының тегіс тығыздағыш беттерін сүртуге арналған станок» мәлімделген тауарларды сәйкестендіру туралы шешім қабылданды.
Тексеру нәтижелері бойынша электрондық темекі (вейп) 13 420 дана, электрондық темекіге (вейп) арналған құю қоспасы 2 080 дана және СНЮС (темекі шекпейтін темекі өнімінің түрі) 15 050 дана анықталды.
Аталған факті бойынша автокөлік құралдарына және тауарларға арналған құжаттар одан әрі процессуалдық шешім қабылдау үшін Ақтөбе облысы бойынша ЭТД-не берілді.