«Біртұтас тарбие» бағдарламасы

«Біртұтас тарбие» бағдарламасы

        «AMANAT» партиясының білім беру жобасын қамтуды кеңейту жөніндегі Жол картасын іске асыру және Мемлекет басшысының «Әділ Қазақстанның экономикалық бағыты» Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмасын іске асыру шеңберінде Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Білім министрлігімен бірлесіп мектептерде қаржылық сауаттылықты арттыру бойынша оқытуды енгізу бойынша жұмыс жүргізді.

      Бұл бағыт ҚР Білім Министрлігінің «Біртұтас тарбие» бағдарламасының арқасында іске асырылатын болады.

      Мәселен, 2024 жылғы 29-31 шілде аралығында Қазақстан Республикасының Білім Министрлігі білім беру ұйымдарының өкілдері үшін оқыту семинарын өткізді.

      Конференция барысында ҚР Білім министрлігінің вице-министрі Оспан Еділ құттықтау сөз сөйлеп, «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы еліміздегі мектеп жасындағы оқушылармен тиімді тәрбие жұмысын жүргізудің маңызды құралына айналғанын атап өтті.    

     Өз кезегінде Мемлекеттік кірістер органдарының өкілдері «Жеке тұлғаларға салық салу», «Жалпыға бірдей декларациялау», «Жеке тұлғалардың банкроттығы» сияқты тақырыптарда сөз сөйледі. Бұл жұмыстың негізгі мақсаты оқушылардың қаржыны тиімді басқарудағы қаржылық сауаттылығын арттыру және мектеп табалдырығынан бастап табыстарын оңтайландыру болып табылады. Бұл олардың негізгі білімі мен капиталға деген ұқыптылығын қалыптастыруға көмектеседі.

     Жоғарыда аталған оқыту 5-11 сынып оқушылары үшін жүргізіледі.