
2026 жылғы 30 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының орынбасары Жайдар Инкербаев Boston Consulting Group (BCG) халықаралық консалтингтік компаниясының делегациясымен кездесу өткізді.
BCG - 60 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар жетекші халықаралық консалтингтік компаниялардың бірі. Компания мемлекеттік органдармен және халықаралық ұйымдармен цифрлық трансформация, деректерді талдау және жасанды интеллектті енгізу саласында ынтымақтасады. Жапония халықаралық ынтымақтастық агенттігімен (JICA) бірлесіп, BCG мемлекеттік басқару, көлік, инфрақұрылым және басқа да салаларда цифрлық шешімдерді енгізуге бағытталған DXLab бағдарламасын іске асырады.
Кездесу барысында тараптар Қазақстанның мемлекеттік кірістер органдарын цифрландырудың басымдықтарын, салықтық және кедендік әкімшілендіруде жасанды интеллект пен деректерді талдауды қолдану перспективаларын, сондай-ақ транзиттік тасымалдарға арналған цифрлық шешімдерді дамытуды және шекаралас мемлекеттермен электрондық деректер алмасуды талқылады.
Қазақстанның мемлекеттік кірістер органдарын цифрлық трансформациялау тәжірибесіне ерекше назар аударылды. Әзірленген шешімдер мен тәжірибелер Орталық Азия елдері үшін қызығушылық тудыруы және өңірлік ынтымақтастықты дамытуға ықпал етуі мүмкін екені атап өтілді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар цифрлық технологиялар саласындағы диалогты және тәжірибе алмасуды жалғастыруға мүдделілік білдірді.