
2026 жылғы 28-30 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы Комитеттің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасымен бірлесіп «Жеке тұлғалардың банкроттығы» тақырыбында семинар өткізді.
Іс-шараның мақсаты — Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заңнаманы қолдану бойынша практикалық дағдыларды қалыптастыру, соттан тыс және сот арқылы банкроттық рәсімдерін жүргізу, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру тәртібін түсіндіру, сондай-ақ азаматты банкрот деп танудың құқықтық салдары туралы ақпараттандыру.
Семинарға тыңдаушы ретінде аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері қатысты.
Семинар барысында ZOOM платформасы арқылы дәрістер оқылып, лектор ретінде:
- Ерденбаев Ербол Сержанович – Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасының сарапшысы сөз сөйледі.
Семинар барысында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға лекторлар толыққанды жауаптар берді.
Семинар қорытындысы бойынша 133 қатысушыға біліктілікті арттыру туралы сертификаттар табысталды.