
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі - Комитет) Төрағасының 26.12.2025 жылғы № 1395 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша семинарларды өткізу жоспарына сәйкес, 2026 жылғы 15 - 17 қыркүйек аралығында ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығы мен Комитеттің Аудит департаментінің Тауарлар шығарылғаннан кейінгі кедендік бақылау басқармасы бірлесіп «Кедендік тексерулер және олардың ерекшеліктері» тақырыбына Polycom бейнеконференцбайланысы арқылы қашықтықтан семинар өткізді.
Іс-шараның мақсаты – тауарлар шығарылғаннан кейін қолданылатын кедендік бақылау нысандары.
Семинарға тыңдаушылар ретінде мемлекеттік кірістер органдары аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері қатысты.
Семинар тыңдаушылары үшін Polycom арқылы дәріс оқылды, дәріскер ретінде:
Ашимова Гульнур Акылбековна - ҚР ҚМ МКК Аудит департаменті Тауарлар шығарылғаннан кейінгі кедендік бақылау басқармасы басшысының орынбасары қатысты.
Семинарға қатысушылардың тарапынан лекторға сұрақтар қойылып, оларға толық жауаптар берілді.
Іс-шара қорытындысы бойынша білім деңгейін тексеру өткізілді, 101 қатысушылар біліктілігін сәтті арттыру туралы электронды сертификаттарын алды.