Қазақстан Өзбекстан кеден қызметінің цифрлық шешімдерімен танысты

Қазақстан Өзбекстан кеден қызметінің цифрлық шешімдерімен танысты

       2026 жылғы 30 шілдеде Өзбекстан Республикасына жұмыс сапары шеңберінде ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің делегациясы Өзбекстан Республикасы Кеден комитетінің Таргетинг және тәуекелдер орталығында, Кедендік рәсімдеу орталығында және Орталық кеден зертханасында болды.

       Өзбекстан Республикасы Кеден комитетінің өкілдері деректерді орталықтандырылған талдау, тәуекелдерді анықтау, тәуекел бейіндерін қалыптастыру және кедендік бақылаудың тиімділігін арттыру үшін заманауи аналитикалық құралдарды қолдану жүзеге асырылатын Таргетинг және тәуекелдер орталығының жұмысын таныстырды.

       Кедендік рәсімдеу орталығының қызметіне ерекше назар аударылды. Қатысушылар кедендік декларацияларды қашықтан рәсімдеуді ұйымдастырумен, цифрлық шешімдермен, шешімдер қабылдау процестерін автоматтандырумен және кедендік операцияларды жүргізу мерзімдерін қысқартуға мүмкіндік беретін тетіктермен танысты.

       Сондай-ақ делегация Орталық кеден зертханасына барып, онда тауарларға сараптамалық зерттеулер жүргізумен, олардың жіктелуін, шығу тегін және құрамын анықтаумен, сондай-ақ кедендік бақылауды ғылыми-техникалық сүйемелдеудің заманауи тәсілдерімен танысты.

      Кездесулер барысында тараптар кедендік әкімшілендіруді цифрландыру, тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру, заманауи ақпараттық-аналитикалық технологияларды енгізу және сараптамалық-зертханалық бағытты дамыту мәселелерін талқылады. Практикалық тәжірибе алмасуға және әрі қарайғы өзара іс-қимыл перспективаларына бөлек назар аударылды.

      Сапар қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықтың жоғары деңгейін және өткен тәжірибе алмасудың практикалық құндылығын атап өтті. Алынған әзірлемелер кедендік әкімшілендіруді одан әрі жетілдіру, заманауи цифрлық шешімдерді енгізу және Қазақстан мен Өзбекстанның кеден қызметтері арасындағы серіктестікті дамыту бойынша бірлескен бастамаларды іске асыру кезінде пайдаланылатын болады.