
2026 жылғы 07-10 шілде аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы (бұдан әрі –ОӘО), S&O IP «Schmitt & Orlov intellectual Property» Компаниясымен бірлесіп 2026 жылдың 07 - 08 шілде аралығында Атырау қаласында, Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің базасында және 09 - 10 шілде аралығында Ақтау қаласында, Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің базасында «Контрафактілік өнімдерді айқындау және анықтау бойынша практикалық тәжірибе» тақырыбында күндізгі оқу семинарларын өткізді.
Аталған семинардың мақсаты - контрафактілік өнімді анықтау бойынша қызметкерлердің құзыретін арттыру болып табылады.
Күндізгі оқу семинарына Атырау және Маңғыстау облыстары бойынша Мемлекеттік кірістер департаменттерінің қызметкерлері қатысты.
Дәріскерлер ретінде;
- ОӘО Біліктілікті арттыру және кәсіби даярлау бөлімінің басшысы - Айгелов Асылхан Тулеубаевич;
- S&O IP «Schmitt & Orlov intellectual Property» Компаниясының өкілі - халықаралық заңгер - Имангалиева Рената Сериковна қатысты.
Семинардың қорытындысы бойынша 08 шілдеде Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің 11 тыңдаушы және 10 шілделе Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің 15 тыңдаушы біліктілігін сәтті арттырғандағы туралы электронды сертификат алды.