Мемлекеттік кірістер комитеті Argus «Қазақстан мен Орталық Азияның мұнай-газ нарығы 2026» халықаралық конференциясына қатысты

Мемлекеттік кірістер комитеті Argus «Қазақстан мен Орталық Азияның мұнай-газ нарығы 2026» халықаралық конференциясына қатысты

        2026 жылғы 18–19 маусымда Алматы қаласында мемлекеттік органдардың, жетекші мұнай-газ компанияларының, халықаралық баға агенттіктерінің және сала сарапшыларының өкілдерін біріктірген VIII халықаралық Argus «Қазақстан мен Орталық Азияның мұнай-газ нарығы 2026» конференциясы өтті.

       Конференция аясында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері «Қазақстандағы трансферттік баға белгілеу практикасы және әлемдік мұнай нарығының қазіргі үрдістері» тақырыбында баяндама жасады.

      Баяндамашылар ретінде Мамандандырылған департаменттің директоры Ибрайым Әлібек Бекенұлы және Трансферттік баға белгілеу басқармасы басшысының орынбасары Қарабаев Нұржан Насирдинұлы сөз сөйледі.

     Сөз сөйлеу барысында Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасын қолданудың негізгі аспектілері, халықаралық мәмілелер бойынша нарықтық бағаларды айқындау тәсілдері, сондай-ақ әлемдік мұнай нарығындағы қазіргі үрдістердің трансферттік баға белгілеу практикасына әсері қарастырылды.

      Конференция қатысушылары мұнай-газ саласын дамытудың өзекті сын-қатерлері мен перспективаларын, әлемдік мұнай нарығының серпінін талқылап, трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша тәжірибе алмасты.

     Мемлекеттік кірістер комитетінің осындай халықаралық алаңдарға қатысуы мемлекет пен бизнес арасындағы кәсіби диалогты нығайтуға, сондай-ақ жаһандық экономикалық өзгерістер жағдайында салықтық бақылаудың заманауи құралдарын қолдану тиімділігін арттыруға ықпал етеді.