
Қабылданған Цифрлық кодекске, сондай-ақ Ұлттық статистика бюросының әкімшілік деректерді жинау қағидаларына сәйкес келтіру мақсатында «Есеп жүргізудің және мемлекеттік кірістер органына есептілікті ұсынудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы
Премьер – Министрінің бірінші орынбасары-Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 374 бұйрығына тиісті өзгерістер енгізілді.
Атап айтқанда:
1) «Цифрлық жүйе» (бұрынғы «ақпараттық жүйе») тұжырымы Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексіне сәйкес келтірілді;
2) Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2010 жылғы 14 шілдеде № 183 бұйрығымен бекітілген Әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерді өтеусіз негізде ұсыну қағидаларына сәйкес келтіру мақсатында есептіліктің статистикалық нысандарының титулдық парағына түзетулер, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі түсіндірмелер енгізілді;
3) есепке алу кітаптарын (журналдарын), сондай-ақ есептілікті сақтау мерзімдері бойынша нормалар енгізілген;
4) заң техникасының нормаларына сәйкес редакциялық сипаттағы түзетулер енгізілді.
Есепке алу кітаптарының/журналдарының және есептілік формаларына айтарлықтай өзгерістер болмады.
«Есеп жүргізудің және мемлекеттік кірістер органына есептілікті ұсынудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 374 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 14 мамырдағы № 306 бұйрығы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2026 жылғы 19 мамырда № 38744 болып тіркелді және 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі. НҚА-ның толық мәтінімен https://zan.gov.kz/client/#!/doc/225353/kaz сілтеме бойынша танысуға болады.
2026 жылдың екінші тоқсанында тауарлар мен көлік құралдарын есепке алу, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органына 2026 жылдың екінші тоқсаны мен бірінші жартыжылдығы үшін есептілікті қалыптастыру және беру 2026 жылғы 12 шілдеге дейін қолданыста болатын редакциядағы нысандар бойынша жүзеге асырылсын.
«Keden» цифрлық жүйесінде есепке алуды жүргізуді және есептілікті ұсынуды автоматтандыру жөніндегі жұмыстар аяқталғанға дейін есептілікті қабылдау Мемлекеттік кірістер департаменттерінде құрылған пошта жәшіктері арқылы жүзеге асырылсын.
Уақытша сақтау қоймаларының, кедендік, еркін қоймалардың, өз тауарларын сақтау қоймаларының, бажсыз сауда дүкендерінің иелері, кеден тасымалдаушылары, кеден өкілдері, уәкілетті экономикалық операторлар кезекті есептілікті төмендегі ұсынымдарды ескере отырып, Мемлекеттік кірістер департаменттерінің электрондық мекенжайларына жіберуі қажет.
Электрондық пошта арқылы мемлекеттік кірістер органына жіберілетін есептілікті ресімдеу жөніндегі ұсынымдар:
Есептерді жолдадауға үшін электрондық мекенжайлар
|
МКД атауы |
Электрондық пошта мекенжайы |
|
Акмола облысы бойынша МКД |
|
|
Ақтөбе облысы бойынша МКД |
|
|
Алматы облысы бойынша МКД |
|
|
Астана қаласы бойынша МКД |
|
|
Алматы қаласы бойынша МКД |
|
|
Атырау облысы бойынша МКД |
|
|
ШҚО облысы бойынша МКД |
|
|
Жамбыл облысы бойынша МКД |
|
|
БҚО облысы бойынша МКД |
|
|
Қарағанды облысы бойынша МКД |
|
|
Костанай облысы бойынша МКД |
|
|
Қызылорда облысы бойынша МКД |
|
|
Маңғыстау облысы бойынша МКД |
|
|
Павлодар облысы бойынша МКД |
|
|
СҚО облысы бойынша МКД |
|
|
Түркістан облысы бойынша МКД |
|
|
Шымкент қаласы бойынша МКД |
|
|
Жетісу облысы бойынша МКД |
|
|
Ұлытау облысы бойынша МКД |
|
|
Абай облысы бойынша МКД |