Кедендік транзит кедендік рәсімі

Кедендік транзит кедендік рәсімі

           2026 жылғы 16-18 маусым аралығында ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығы Комитеттің Бақылау департаментінің Транзит басқармасымен бірлесіп «Кедендік транзит кедендік рәсімі» тақырыбында ZOOM платформасы арқылы қашықтықтан семинар өткізді.

         Іс-шараның мақсаты - мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлеріне транзит бойынша жұмыстың негіздері, тәртібі мен ерекшеліктерін түсіндіру.

         Семинарға тыңдаушылар ретінде мемлекеттік кірістер органдары аумақтық бөлімшелерінің  қызметкерлері қатысты.

          17 маусым сағат 10.00-де қашықтықтан оқыту тыңдаушылары үшін  дәріс оқылды.  

         Дәріскер ретінде - Нариман Нурланович Уатканов  - ҚР ҚМ МКК Кедендік бақылау  Департаменті  Транзит басқармасы басшысының орынбасары қатысты.

        Семинарға қатысушылардың тарапынан дәріскерге сұрақтар қойылып, оларға толық жауаптар берілді.

        Іс-шара қорытындысы бойынша 101 қатысушы біліктілігін сәтті арттырғандығы туралы электронды сертификаттар алды.