
2026 жылғы 19 маусымда Петропавл қаласында MyBuh.kz интернет-бухгалтериясының өкілдері, кәсіби бухгалтерлер мен салық консультанттары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Нұржановпен бірлесіп, салық төлеушілерге арналған «Халық бухгалтері 2026: бизнес пен МКК ашық диалогта» атты семинар өткізді.
Іс-шара кәсіпкерлердің салықтық сауаттылығын арттыру, салық заңнамасындағы өзгерістерді түсіндіру, сондай-ақ бизнес-қоғамдастық пен мемлекеттік кірістер органдары арасындағы ашық әрі сындарлы диалогты дамыту мақсатында ұйымдастырылды.
Кездесу барысында қатысушыларға салық салу және бухгалтерлік есеп жүргізу, салықтық міндеттемелерді орындау, арнаулы салық режимдерін қолдану, сондай-ақ Мемлекеттік кірістер комитетінің цифрлық сервистерін пайдалану мәселелері бойынша өзекті түсіндірмелер берілді.
Семинар ашық диалог форматында өтті, бұл кәсіпкерлерге өздерін толғандырған мәселелерді сарапшылармен, салық консультанттарымен және мемлекеттік кірістер органдарының өкілдерімен тікелей талқылауға мүмкіндік берді. Қатысушылар бизнес жүргізу және салық заңнамасын сақтау бойынша білікті жауаптар мен практикалық ұсынымдар алды.
Осындай іс-шаралар мемлекет пен бизнес арасындағы әріптестік қатынастарды нығайтуға, салықтық міндеттемелерді ерікті түрде орындау деңгейін арттыруға және салықтық әрі кедендік әкімшілендірудің өзекті мәселелерін талқылауға арналған тиімді алаң қалыптастыруға ықпал етеді.