МКК порталында Азаматтар мен бизнес үшін ыңғайлы онлайн-сервистер қолжетімді

МКК порталында Азаматтар мен бизнес үшін ыңғайлы  онлайн-сервистер қолжетімді

       Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті азаматтар мен бизнеске мемлекеттік қызметтерге және қажетті ақпаратқа онлайн-форматта ыңғайлы қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, цифрлық сервистерді дамытуды жалғастыруда.

       МКК порталында сілтеме бойынша http://portal.kgd.gov.kz пайдаланушылар Мемлекеттік кірістер органдарына бармай ақ электрондық сервистердің кең ауқымын пайдалана алады:

      Тексеру қызметтері:

      - салық төлеушіні іздеу;

      - контрагенттер бойынша мәліметтер;

      - сенімсіз салық төлеушілерді іздеу;

      - ҚҚС төлеуші туралы деректерді іздеу;

      - жұмыстарды нақты орындамай, қызметтер көрсетпей, тауарларды жөнелтпей жасалған мәмілелерді (операцияларды) іздестіру;

      - қайтарылған хабарландыруларды іздеу;

      - біліктілік емтиханына жіберілген үміткерлердің тізімі;

     - жарнамаларды іздеу;

     - ҚР резиденттігін растайтын құжатты іздеу;

     - тарату сатысында тұрған салық төлеушілерді іздеу;

     - әкімшінің қызметін жүзеге асыруға құқығы бар адамдардың тізімі;

     - оңалту рәсімін тоқтату туралы соттың ұйғарымы өздеріне қатысты заңды күшіне енген ЗТ және ЖК тізімі;

     - алкоголь өніміне есепке алу-бақылау маркасының дұрыстығын тексеру;

     - ІІО бойынша есептен шығарылған салық төлеушіні іздеу;

     - оларға қатысты сот оларды банкрот деп тану, оңалту рәсімін қолдану туралы шешімі заңды күшіне енген борышкерлердің тізімі;

    - БКМ тіркеуді тексеру;

    - салық режимдерін тексеру;

     - салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұру, қайта бастау туралы мәліметтер.

      Салықтар мен берешек бойынша сервистер:

     - салық берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер;

    - салықтарды және бюджетке төленетін басқа да төлемдерді онлайн төлеу;

     - жеке тұлғалардың алдағы төлемдері мен берешегі.

      Көмекші қызметтер:

     - кезекті онлайн брондау;

     - өсімпұлды, көлік салығын, ЖТС есептеуге арналған калькуляторлар, кедендік төлемдерді шамамен есептеу;

     - Салық кодексі бойынша жиі қойылатын сұрақтар.

      Салық төлеушілерге ыңғайлы болу үшін МКК порталында мемлекеттік қызметтерді алу және салық міндеттемелерін орындау үшін қажетті салықтық есептіліктің және салықтық өтініштердің өзекті нысандары орналастырылған.

      Бұдан басқа, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру және жедел кері байланысты қамтамасыз ету мақсатында МКК порталының беттерінде сервистердің жұмыс сапасын бағалау және оларды жетілдіру бойынша ұсыныстарды жіберу үшін QR-кодтар орналастырылған. Пайдаланушылар кері байланыс қалдыра алады, туындаған қиындықтар туралы хабарлай алады, Мемлекеттік кірістер органдарының қызметін жақсарту бойынша ұсыныстар және басқа да мәселелер енгізе алады.

      Мемлекеттік кірістер комитеті азаматтар мен бизнес өкілдеріне мемлекеттік қызметтер мен сервистерге жылдам, ыңғайлы және ашық қолжетімділікті қамтамасыз ететін МКК порталының цифрлық мүмкіндіктерін белсенді пайдалануды ұсынады.