
Мемлекеттік кірістер комитеті «Міндет» ақпараттық сервисінде кедендік төлемдер мен салықтар бойынша 50 млрд. теңгеден астам берешегі бар уәкілетті экономикалық оператор «AsiaDistillery» («Азия Дистиллери») ЖШС мүлкі сатылымға шығарылғанын хабарлайды.
Сатылымға қойылған мүліктер:
- негізгі құралдары мен дайын өнімдері бар шарап зауыты, жалпы аумағы 560,9 ш.м., 2002 жылы пайдалануға берілген. Мүліктің бағалау құны
1 242 065 000 теңге, бастапқы сату бағасы 807 342 250 теңге;
- TOYOTA CAMRY автокөлігі, 2015 жылы шығарылған, мемлекеттік тіркеу нөмірі 858HO13, кузов нөмірі XW7BF4FK30S109864, қозғалтқыш көлемі 2 494 текше см. Бағалау құны 9 666 000 теңге, бастапқы сату бағасы
6 282 900 теңге.
Мүлік Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Тасқұлақ ауылы, Тасқұлақ көшесі, 23А мекенжайында орналасқан.
Сауда-саттық 2026 жылғы 10 маусымда сағат 11:00-де басталады.
Алдағы сауда-саттық туралы толық ақпаратты келесі сілтеме арқылы алуға болады: https://mindet.e-qazyna.kz/ru/registers/auction-list-public?oq=.