Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша жария талқылау өткізілді

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша жария талқылау өткізілді

   

           «2026 жылға арналған №4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағытының мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетімен 2026 жылғы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша жария талқылау өткізілді.
          Талқылау барысында бюджет қаражатын игеру, салықтық аудит жүргізу кезіндегі бақылау функцияларын іске асыру, заттай дәлелдемелерді сақтау және есепке алу, мемлекеттік қызметтер көрсету, сондай-ақ кедендік және камералдық бақылау процестері мәселелері қаралды.
          Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою мерзімдері белгіленді, оның ішінде жаңа нормативтік құқықтық актілерді қабылдау және қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге (Салық кодексі, Қағидалар) өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттілігіне байланысты неғұрлым ұзақ мерзімдер де қарастырылған.
          Жалпы, мемлекеттік кірістер органдарының бизнес-процестеріндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және бейтараптандыру жөніндегі жұмыс тұрақты түрде ең басым міндеттердің бірі ретінде қарастырылады.
          Соңғы 3 жыл ішінде Мемлекеттік кірістер комитетімен _32_ тәуекел анықталып, жойылды.»