«Табысты бухгалтерлер клубы» қауымдастығының бухгалтерлерімен өткен дөңгелек үстел

«Табысты бухгалтерлер клубы» қауымдастығының бухгалтерлерімен өткен дөңгелек үстел

       2026 жылғы 11 наурызда МКК Төраға орынбасары Ахметов Сеилжан төрағалығымен «Табысты бухгалтерлер клубы» қоғамдастығымен бірлесіп, түрлі салалардың кәсіби бухгалтерлерінен тұратын дөңгелек үстел өткізілді.

      Іс-шараның мақсаты - жаңа Салық кодексін енгізуге байланысты мәселелерді талқылау, сондай-ақ, жалпыға бірдей белгіленген режимде түсіндіру және жұмысты жеңілдету.

      Кездесу барысында бухгалтерлердің мәселелері мен ұсыныстары, атап айтқанда, бұқаралық - түсіндіру жұмыстарын күшейту, бухгалтерлік және салықтық есеп жүргізу, ИСНА ақпараттық жүйелерінің жұмысы және т. б. мәселелер қаралды.

      Осылайша, қатысушылар салықтық әкімшілендірудің негізгі аспектілері, оның ішінде, жалпыға бірдей белгіленген тәртіп пен арнаулы салық режимдерін қолдану тәртібі, шығыстарды шегерімге жатқызу, растайтын құжаттарды ресімдеу және т. б. бойынша түсініктемелер алды.

      Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша тараптар жалпыға бірдей белгіленген режимде жұмысты жеңілдетуге бағытталған практикалық ұсынымдарды әзірлеу бойынша одан әрі ынтымақтастық пен бірлесіп жұмыс істеуге дайындығын білдірді.