Салықтық тексерулер бөлігінде шағын және шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайларды жақсарту мақсатында макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы

Салықтық тексерулер бөлігінде шағын және шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайларды жақсарту мақсатында макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы

 2025 жылғы 17 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Үкіметімен макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету және экономикалық реформалардың теріс салдарын нивелирлеу жөнінде шешім шығарылды.

Осылайша, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап тағайындалған салықтық тексерулерді, қарсы салықтық тексерулерді, сондай-ақ:

қылмыстық іс жүргізу заңнамасының негіздері бойынша;

прокурорлық қадағалаудың, прокуратура органдарының талап етуі мен актілері бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Бас прокурорының тапсырмасы бойынша не олармен келісім бойынша;

салық төлеуші мен оның дебиторлары арасындағы өзара есеп айырысуларды айқындау бойынша;

касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімді орындау бойынша;

жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты;

салық заңнамасында көзделген, салықтық тексеру жүргізуді талап ететін өтініш және (немесе) талап берілген жағдайларда;

салық төлеушінің салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымында баяндалған мәселелер бойынша;

2025 жылғы 17 желтоқсаннан кейін 2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салық кезеңдері үшін қосымша салық есептілігін табыс еткен және салық есептілігін кері қайтарып алған жағдайларда;

камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды растау мәселелері бойынша тағайындалатын тексерулерді қоспағанда микро- және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін салық кезеңдері үшін салық міндеттемелері бойынша салықтық тексерулер жүргізу жөніндегі іс - қимылдар тоқтатылды.