Cалықтық тексерулер жүргізу бөлігінде Салық кодексіндегі басты өзгертулер бойынша

Cалықтық тексерулер жүргізу бөлігінде  Салық кодексіндегі басты өзгертулер бойынша

 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық кодексі күшіне енді, оның шеңберінде салықтық тексерулер жүргізу мәселелеріне қатысты өзгерістер болды, атап айтқанда:

- салықтық тексерулер түрлерге бөлінбей жүргізіледі;

- тексерулердің негіздері жинақталып, қысқартылды;

- құрылымдық бөлімшелері жоқ заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер үшін - 10 жұмыс күніне, құрылымдық бөлімшелері бар заңды тұлғалар үшін-20 жұмыс күніне ұзарту кезінде салықтық тексеру мерзімдері қысқартылды;

- салықтық тексеру аяқталғанға дейін талап қою мерзімін ұзарту регламенттелген;

-нұсқаманы қоспағанда, салықтық тексеру құжаттарын веб-портал арқылы электрондық тәсілмен тапсыру регламенттелген;

- салық төлеушінің нұсқамаға шағымдану кезеңінде салықтық тексеруді тоқтата тұру алынып тасталды;

- салық жүктемесінің коэффициенті тиісті қызмет түрі бойынша және қызметті жүзеге асыру өңірін ескере отырып, салық жүктемесі коэффициентінің жоғарғы көрсеткішінің кемінде 90 пайызын құрайтын салық төлеушілерге қатысты кешенді салықтық тексерулер жүргізу құқығы шектелген;

- шағын және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне тексеру жүргізу кезінде құжаттарды ұсыну туралы талапты екі есеге дейін тапсыру шектелген;

- құжаттарды ұсыну туралы талапты орындау мерзімі 10 жұмыс күніне дейін қысқартылды.