2025 жылғы жер қойнауын пайдаланушыларды салықтық әкімшілендірудің қысқаша қорытындылары

2025 жылғы жер қойнауын пайдаланушыларды салықтық әкімшілендірудің қысқаша қорытындылары

Бүгінгі таңда 7 мыңнан астам жер қойнауын пайдаланушылар салықтық бақылауда, олардан түсетін салық түсімдер республикалық бюджет кірістерінің шамамен 35% және Ұлттық қорға түсетін түсімдердің 100% құрайды.

2025 жылдың қорытындысы бойынша жер қойнауын пайдаланушылардан елдің шоғырландырылған бюджетіне түсетін салық түсімдері шамамен 12 трлн теңгені құрады, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 1,1 трлн теңгеге артық.

Жер қойнауын пайдаланушыларды салықтық әкімшілендіру бюджетке шамамен 440 млрд теңге қосымша түсімдерді, оның ішінде салықтық бақылау шараларының қорытындысы бойынша 123 млрд теңгені қамтамасыз етті.

Жер қойнауын пайдаланушыларды әкімшілендіру салықтық тексерулер, ірі салық төлеушілердің мониторингі, камералдық бақылау, сондай-ақ бақылаудың өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады.

2025 жылы 17 ірі жер қойнауын пайдаланушыны салықтық тексерудің қорытындысы бойынша 85 млрд теңгеге жуық бұзушылықтар анықталды.

Мемлекеттік кірістер комитетінің бастамасымен 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша жаңа Салық кодексінде алтын мен күміске прогрессивті шкала мөлшерлемесі және уранға сараланған мөлшерлемелер белгіленді.

Осы бастамалар бойынша бюджетке жыл сайын шамамен  350 млрд теңге қосымша түсім күтілуде.

Жалпы қабылданған шаралар салықтық әкімшілендірудің ашықтығын арттыруға, бюджеттік тұрақтылықты нығайтуға және мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдердің толықтығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Осылайша, мемлекеттік кірістер комитеті осы бағытқа ерекше назар аудара отырып, жер қойнауын пайдаланушылардың қызметіне салықтық бақылауды жалғастыруда.