Стандартты файлға қойылатын талаптарды, оны жасау және ұсыну қағидаларын белгілеу туралы

Стандартты файлға қойылатын талаптарды, оны жасау және ұсыну қағидаларын белгілеу туралы

        «Стандартты файлға қойылатын талаптарды, оны жасау және ұсыну қағидаларын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 3 қазандағы № 567 бұйрығына.

        Бұйрықта стандартты тексеру файлына қойылатын негізгі талаптар айқындалған, атап айтқанда салық төлеушінің салық органымен салықтық тексеру жүргізу кезінде 7 құралды қолдану бойынша ерікті іс-қимылы көзделген.

       Салық төлеуші келіскен жағдайда мұндай айыппұл 2 тараптан Келісімге қол қоюмен бекітіледі (нысан №1 қосымшамен бекітілген).

       Сонымен, стандартты тексеру файлы бухгалтерлік және салық тіркелімдерінің мәліметтерін салықтық тексеру барысында қолдану үшін олардың көрсеткіштерін салыстыра отырып біріктіретін ақпараттық қызмет болып табылады, мысалы, кірістер мен шығыстар бойынша деректерді салыстыру, тіркелген активтер бойынша шегерімдерді салыстыру және т. б.

      Қабылданған бұйрықтың әсері салықтық тексеруді жүргізу мерзімдерін қысқарту және салық төлеушілермен өзара іс-қимылдың ашықтығын арттыру.

      Бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2025 жылғы 3 қазанда № 37055 мемлекеттік тіркеуден өтті.

    Аталған бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.