
«Қарсы салықтық тексеруді тағайындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 30 қыркүйектегі № 548 бұйрығына.
Бұйрықта кешенді және (немесе) тақырыптық салықтық тексерулер, көлденең мониторинг барысында, сондай-ақ басқа мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың салық немесе Құқық қорғау органдарынан сұрау салулар алған кезде қарсы салықтық тексерулерді тағайындау тәртібі айқындалған.
Қарсы салықтық тексерулерді тағайындаудың негізгі мақсаты-өнім берушілерден және (немесе) сатып алушылардан салық төлеушілер арасында жүргізілген операциялар туралы қосымша ақпарат алу, оларды «Электрондық шот-фактура» ақпараттық жүйесіндегі мәліметтерді, салық төлеушінің қызметі туралы құжаттар мен мәліметтерді пайдалана отырып жүзеге асыру фактісін растау.
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 30 қыркүйекте № 36978 болып мемлекеттік тіркеуден өтті.
Аталған бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтарда күшіне енеді.