ЕАЭО және Қазақстан Республикасының уәкілетті экономикалық операторлардың мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық актілері

ЕАЭО және Қазақстан Республикасының уәкілетті экономикалық операторлардың мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық актілері

       2025 жылғы 9 – 11 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы ҚР ҚМ МКК Кедендік бақылау департаментінің Кедендік операциялар басқармасымен бірлесіп «ЕАЭО және Қазақстан Республикасының уәкілетті экономикалық операторлардың мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық актілері» тақырыбына ZOOM платформасы арқылы қашықтықтан семинар өткізді.

 Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлерін уәкілетті экономикалық операторлардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерімен таныстыру.

       Семинарға тыңдаушылар ретінде мемлекеттік кірістер органдары аумақтық бөлімшелерінің  қызметкерлері қатысты.
Семинар тыңдаушылары үшін  ZOOM платформасы арқылы дәріс оқылды, дәріскер ретінде: Жандос Еркебуланович Секенов - ҚР ҚМ МКК Кедендік бақылау департаменті Кедендік операциялар  басқармасы басшысының орынбасары қатысты.

Семинардың қорытындысы бойынша 94 қатысушы тестілеуден өтті және біліктілігін сәтті арттырғандығы туралы электронды сертификат алды.