«Бизнес үшін жаңа құрал: контрагенттерді тексеру сервисі»

«Бизнес үшін жаңа құрал: контрагенттерді тексеру сервисі»

       Жаңа Салық кодексінің қабылдануына байланысты Мемлекеттік кірістер комитеті салықтық тәуекелдерді басқару тәсілін жаңартуда. Енді бұрынғыдай салық төлеушілерді санаттау орнына салық түрлері, салалар, өңірлер, кәсіпорындар топтары және т.б. әртүрлі бағыттар бойынша тәуекелдерді талдаудың икемді жүйесі қолданылатын болады.

     Осыны ескере отырып, бизнес үшін жаңа қолайлы құрал – «Контрагенттер туралы мәліметтер» сервисі әзірленді. Бұл сервис ашық өзекті деректерді алуға және өз контрагентін: салықтық режимі, ҚҚС бойынша тіркеу есебі, төленген салықтар көлемі, қызметкерлер саны, салықтық жүктеме коэффициенті, компанияның басшысы мен құрылтайшылары туралы мәліметтер, сондай-ақ ЭШФ бойынша шектеулердің немесе сенімсіз ұйымдар тізіміне енгізудің болуы және т.б. мәліметтер негізінде бағалауға мүмкіндік береді.

      Бұл үшін, Комитеттің Порталына кіріп https://portal.kgd.gov.kz, БСН/ЖСН енгізу арқылы ақпаратқа қолжеткізуге болады.

     Осы сервис салық төлеушілердің ұсыныстары мен қажеттіліктерін ескере отырып, ұдайы жетілдіріліп, дамытылып отырады.

     Жаңа сервис – ашық салықтық кеңістік пен қауіпсіз іскерлік қатынастарға жасалған маңызды қадам.