Әдейі банкроттық белгілерін анықтау мақсатында банкроттыққа дейінгі кезеңде борышкердің қаржы-шаруашылық қызметіне талдау жүргізу

Әдейі банкроттық белгілерін анықтау мақсатында банкроттыққа дейінгі кезеңде борышкердің қаржы-шаруашылық қызметіне талдау жүргізу

       2025 жылғы 8 - 10 қазан аралығында Оқу-әдістемелік орталығы ҚР ҚМ МКК Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасымен бірлесіп «Әдейі банкроттық белгілерін анықтау мақсатында банкроттыққа дейінгі кезеңде борышкердің қаржы-шаруашылық қызметіне талдау жүргізу»  тақырыбында қашықтықтан семинар өткізді.

       Іс-шараның мақсаты – әдейі жасалған банкроттық белгілерін анықтау тиімділігін арттыру.

       Семинарға аумақтық мемлекеттік кірістер органдары Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармаларының/бөлімдерінің қызметкерлері қатысады.

       Семинар тыңдаушылары үшін Polycom арқылы дәріс оқылды, дәріскерлер ретінде:
       Душкенова Назгуль Кувашевна - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасы басшысының орынбасары;

       Исабекова Айгерим Эрыковна - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасының бас сарапшысы;

       Тулеубаев Ермек Бейшенович - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасының бас сарапшысы сөз сөйледі.

Семинарға қатысушылардың тарапынан лекторға сұрақтар қойылып, оларға толық жауаптар берілді.

Семинар қорытындысы бойынша   103 қатысушы біліктілігін сәтті арттырғандығы туралы электронды сертификат алды.