Санкт-Петербург қаласында ҚМ МКК өкілдерінің Ресей Кеден академиясының студенттерімен кездесуі өтті

Санкт-Петербург қаласында ҚМ МКК өкілдерінің Ресей Кеден академиясының студенттерімен кездесуі өтті

      Санкт-Петербургтегі Ресей Кеден академиясының филиалында Қазақстан Республикасы делегациясының академия басшылығымен және студенттерімен кездесуі өтті.
Қазақстан тарапынан кездесуге келесі өкілдер қатысты:
     - Ермек Қожабергенов – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы;
    - Динара Кушубаева – ҚМ МКК департаментінің директоры;
    - Жандос Есмұханов — Қазақстан Республикасының Кеден қызметінің Ресей Федерациясының Федералдық кеден қызметі жанындағы Өкілдігінің қызметкері.
      Кездесу барысында академияда білім алып жүрген студенттердің оқу үдерісі мен кәсіби дамуына қатысты мәселелер талқыланды. Ерекше назар алынған білімді іс жүзінде қолдану мәселелеріне аударылды.
     Ермек Қожабергенов мемлекеттік кірістер жүйесіндегі өз мансабын құру тәжірибесімен бөлісіп, шетелде білім алып жүрген жас мамандарды қолдауда осындай кездесулердің маңыздылығын атап өтті.
     Бейресми жағдайда студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тікелей жауап алу мүмкіндігіне ие болды.
      Мұндай іс-шаралар халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және кедендік әкімшілендіру саласында кадрлық әлеуетті дамытуға ықпал етеді.