«Keden» ақпараттық жүйесін кезең-кезеңімен енгізу жөніндегі жұмыстарды жалғастыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес Тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешімдерді және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы жиналмаған немесе бөлшектелген түрде, оның ішінде жиынтықталмаған немесе аяқталмаған түрде өткізілетін тауарларды сыныптау туралы шешімдерді қабылдауын (бұдан әрі – шешім) енгізу жөніндегі функционалды пайдалануға енгізеді.
2025 жылғы 28 шілдеден бастап шешімді қабылдауға өтініштерді беру және өңдеу «Keden» АЖ жүзегеде асырылатын болады.
Ағымдағы жылдың 25 шілдеде сағат 18:30-да «Экспорттық-импорттық операциялар бойынша «Бірыңғай терезе» ақпараттық жүйесінде шешімдерді қабылдау өтініштердін қабылдау тоқтатылатынын атап өтеміз.
Өтінішті толтыру тәртібі мен жүйеде тіркелу жөніндегі нұсқаулықтар https://keden.kgd.gov.kz порталының басты бетінде, сондай-ақ арнайы құрылған Telegram-чатта – https://t.me/kedenkgdgovkz/63080 орналастырылған (өтініш берушіге арналған).
Назар аударыңыз! Тіркелу кезінде жарамды ұялы телефон нөмірлері мен электрондық пошта мекенжайын көрсету қажет. Бұл өтініш мәртебелері туралы хабарламаларды алу үшін маңызды.
Қосымша ақпарат пен кеңес алу үшін қолдау қызметіне жүгінуге болады:
+7 7172 73 55 19
+7 705 956 53 89
e-mail: keden_support@kgd.minfin.gov.kz.
Telegram арнасы: https://t.me/kedenkgdgovkz.