Самарада ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті мен Ресей Федералдық кеден қызметінің жұмыс кездесуі өтті

Самарада ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті мен Ресей Федералдық кеден қызметінің жұмыс кездесуі өтті

        2025 жылғы 29-30 мамырда Самара қаласында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті мен Ресей Федералдық кеден қызметінің жұмыс кездесуі өтті.
      Кездесу ҚР ҚМ МКК Аудит департаментінің директоры Қадыр Исмағұлов пен Ресей Федералдық кеден қызметінің тауарлар шығарылғаннан кейінгі кедендік бақылау Бас басқармасының бастығы Агепсим Ашкаловтың төрағалығымен өтті.
      Кеңес барысында тауарлардың қадағалану жүйесіне қатысты екіжақты ынтымақтастық мәселелері, Ресей Федералдық кеден қызметінің мобильдік топтарының жұмыс тәжірибесін зерделеу, өткізу бекеттері мен шекара маңындағы аумақтарда жедел өзара іс-қимыл орнату мәселелері талқыланды.
      Кездесу қорытындысы бойынша екі елдің фискалдық органдарының ынтымақтастығының нәтижелері мен алдағы перспективаларын қамтитын бірлескен хаттамаға қол қойылды.