Бақылау-касса машиналарының фискалдық чектері бойынша сыйақылар төлеу жөніндегі «Salyq кэшбэк» пилоттық жобасының кеңеюі туралы

Бақылау-касса машиналарының фискалдық чектері бойынша сыйақылар төлеу жөніндегі «Salyq кэшбэк» пилоттық жобасының кеңеюі туралы

        Мемлекеттік кірістер комитеті 2025 жылғы 15 наурыздан бастап іске қосылған «Salyq кэшбэк» пилоттық жобасының кеңейтілгені туралы хабарлайды. Аталған жоба микро және шағын бизнес субъектілерінен фискалдық чектер алуды ынталандыру мақсатында жүргізілуде, бұл үшін азаматтарға ақшалай сыйақы төленеді.

       2025 жылғы 1 маусымнан бастап жобаға келесі аудандар қосылады:

      – Жамбыл облысы: Т. Рысқұлов ауданы, Шу, Жуалы, Меркі, Талас, Қордай, Сарысу және Байзақ аудандары;

      – Қарағанды облысы: Теміртау қаласы.

      – Ақмола облысы: Ақкөл, Атбасар, Сандықтау, Ерейментау, Егіндікөл, Қорғалжын, Бұланды, Шортанды, Жарқайың, Зеренді, Бурабай аудандары, сондай-ақ Степногорск, Көкшетау және Қосшы қалалары. Осылайша, Ақмола облысының барлық өңірлері пилоттық жобаға қосылды.

       Еске саламыз, «Salyq кэшбэк» жобасы 2025 жылы кезең-кезеңімен іске қосылды: 15 наурыздан, 15 сәуірден және 15 мамырдан бастап. 2025 жылдың соңына дейін Жамбыл мен Қарағанды облыстарының жаңа аудандары және Маңғыстау облысы қосылады деп жоспарлануда.

      «Salyq кэшбэк» жобасына кез келген адам қатыса алады. Сол үшін қажет:

  1. Тауар немесе қызмет үшін төлем жасағанда фискалдық чек алу қажет;
  2. Чектегі штрих-кодты «Amian» мобильді қосымшасы арқылы сканерлеп, сатып алу сомасының 2% мөлшерінде кэшбэк алу.

       Алынған қаражатты банктік картаға аударуға немесе мобильді телефон балансына жіберуге болады.

      Сыйақыны «IT Analytics» ЖШС операторы «Amian» мобильді қосымшасы арқылы есептейді. Қосымша App Store және Google Play-да тегін жүктеуге болады.

      Мемлекеттік кірістер комитеті азаматтарды өз тұтынушы құқықтарын қорғау үшін бақылау-кассалық аппараттардың чектерін талап етуге шақырады.