Ақпарат алмасу жасырын миллиардтарды анықтайды

Ақпарат алмасу жасырын миллиардтарды анықтайды

        Жыл сайын ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті құзыретті органдардың қаржы шоттары туралы ақпаратты автоматты түрде алмасу туралы көпжақты келісіміне (CRS) және ҚР Үкіметі мен АҚШ Үкіметі арасындағы халықаралық салық тәртібін жетілдіру туралы келісімге (FATCA) сәйкес шетелдік юрисдикциялармен ақпарат алмасады.

       CRS және FATCA шеңберінде берілетін және алынатын мәліметтерге бейрезиденттердің банктік шоттары, инвестициялық активтері, сақтандыру шарттары және кірістері туралы деректер кіреді.

      Есеп беретін қаржы мекемелері жыл сайын ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетіне телекоммуникациялар желісі бойынша 026.00 және 019.00 нысандары бойынша есеп береді.

      Бүгінгі таңда ақпарат алмасу 89 шетелдік юрисдикциямен жүзеге асырылады. Деректер алмасудың арқасында Қазақстан бюджетіне 5,4 млрд теңге түсті.

      Осылайша, ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті шет мемлекеттердің салық органдарынан алынған ақпарат негізінде Қазақстанның
2 мыңнан астам резидентіне тексеру жүргізді. Нәтижесінде 1 602 қазақстандық 5,4 млрд. теңге сомасына ЖТС төледі.

      Екі механизм де халықаралық қаржы ағындарының ашықтығын арттыруға және салық төлеуден жалтаруға қарсы күресуге бағытталған.

      Осылайша, Қазақстан салықтық ашықтық саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтады, бұл бюджет түсімдерінің ұлғаюына ықпал етеді.